ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ ТӨРТ АУДАНДА ӘКІМ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

Биыл 5 қараша күні Түркістан облысында Шардара, Мақтаарал, Бәйдібек және Созақ аудандарында әкім сайлауы өтеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаев хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында биыл пилоттық түрде республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауы өтетінін мәлімдеген болатын. Осы ретте 2023 жылдың 11 қыркүйегінде өткен Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында өңірдегі әкім сайлауы өтетін аудандар белгіленді.
— Аудан әкімі сайлауына кандидаттарды ұсыну 16 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтеді. Кандидат ҚР азаматы болуы және 25 жастан төмен болмауы керек. Сондай-ақ жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 10 қазан мен 4 қараша аралығында жүреді. Сайланатын әкімнің өкілеттік мерзімі – 4 жыл. Кандидатты саяси партия не азамат өз-өзін ұсына алады. Сайлауға қатысу жарнасы 350 мың теңге, — деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу аса маңызды қадам болды.

Бұл – менің былтырғы Жолдауымда айтылған саяси реформаның негізгі мәселесі. Осы шешім ауыл халқының, яғни қазақстандықтардың 40 пайыздан астамының мүддесіне тікелей ықпал етеді. Біз дұрыс жолдамыз. 2024 жылы азаматтар пилоттық режімде аудан әкімдерін сайлау мүмкіндігіне ие болады. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жаңғыртудың маңызды факторы – азаматтық мәдениетті дамыту.

Президент Әкімшілігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тәсілдерін әзірлеуі керек. Гранттық қаржыландыру жүйесін ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың сұранысына қарай бейімдеп, оны алудың жеңілдетілген режимін енгізу қажет.

Бұл ауылдық жердегі әлеуметтік белсенділікке тың серпін береді. Сайлау тізіміндегі әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота туралы норманың енгізілуі партияларды барынша белсенді жұмыс істеуге, жаңа адамдар іздеп, өз қатарын жасартуға жетеледі. Дегенмен, халық қалаулыларының түпкілікті құрамы жасақталғанда бұл квота сақталған жоқ. Сондықтан, оның толыққанды әсері болуы үшін депутат мандатын бөлу кезінде осы квотаны міндетті түрде ескеру туралы норманы заң жүзінде бекіту керек.

Біз инклюзивті қоғам құрып жатырмыз. Ерекше қажеттілігі бар тұлғалар әзірге еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде көп емес.Квота бөлінетін азаматтар санатының тізімін кеңейтуді ұсынамын. Онда жастар мен әйелдерден бөлек, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға да квота белгілеу керек.Мен адам құқығын қорғау саласын әрдайым жеке дара бөліп қарайтынымды білесіздер. Біз соңғы екі жылда бұл бағытта едәуір ілгері бастық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *