ТҮРКІСТАН:«ҚАПЛАНБЕК-ЖІБЕК ЖОЛЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысына сәйкес, Сарыағаш ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-52 «Қапланбек – Жібек жолы» автомобиль жолы орташа жөндеуден өтіп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы — 10,6 шақырым.

2023 жылы құрылысы басталған жол 2024 жылға өтпелі. Биыл «Қапланбек – Жібек жолы» автомобиль жолы бойындағы Жонарық, Жаңақұрылыс, Қарабау, Зортөбе, Жібек жолы елді мекендеріне 5,5 шақырым жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салу жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы ескі асфальт жабындысын толығымен жаңартып, жарамсыз су өткізгіш құбырларын ауыстыру және Зортөбе елді мекенінде жарықтандыру шамдарын орнату жоспарланған.

Түркістан облысы аумағында 2023 жылы жалпы 1586,4 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді. Жыл қорытындысымен 1282,6 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.
Қазіргі таңда Түркістан-Шәуілдір бағытындағы 64 шақырымдық жолдың 35 шақырымында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Түркістан қаласының әуежайы мен Кентау қаласын қосатын 26 шақырым жаңа жол биыл қыркүйек айында толық пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, Сауран ауданының Қарнақ, Ойық, Шоқтас ауылдарын облыс орталығы Түркістан қаласымен қосатын және Шорнақ, Майдантал елді мекендері «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне шығатын 76 шақырым облыстық маңызы бар жолдарға жөндеу жұмыстары жүруде. Бүгінгі таңда 24,2 шақырымы аяқталып, қалған нысандар биыл жыл соңында толық пайдалануға беріледі.

Бұдан өзге, Түлкібас ауданының Машат, Ынтымақ, Азаттық, Шұқырбұлақ, Майтөбе бағытындағы 32,7 шақырымды құрайтын жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Жамбыл облысы мен Түркістан облысын байланыстыратын, сондай-ақ Созақ ауданының елді мекендерін аудан және облыс орталығына қосатын 152 шақырымдық облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған қоса, Қазығұрт ауданындағы Жаңабазар, Көкібел, Жігерген елді мекендерін жалғайтын 17,9 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласындағы Қапланбек-Жібек жолы елді мекендерін жалғайтын 10,6 шақырым автомобиль жолына және Келес пен Шардара ауданын жалғайтын 29 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл өңірде облыстық маңызы бар жолдардың бойындағы 3 көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *