БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ АҚБАСТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Ақбастау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ағымдағы жылдың 8 айында атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырды.

Жиында бұған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалуы бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Атап айтқанда аудан бойынша елді мекендерде ауыз судың төлем ақысын «Kaspi bank» арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылып банкпен келісім шарт түзілді. Қазіргі таңда абонеттер тізімін банктың базасына орнату жұмыстары жүргізілуде. Ақбастау елді мекеніндегі құрылысы жүргізіліп жатқан көшелерге тұрғын үйлердің маңынан ағын су өтетін өткелдер орнатылды. Ақбастау елді мекенінің орталық көшесіне бейне бақылау камерасын орнату бойынша аудан аумағында орналасқан елді мекендердің 55 жеріне 110 дана бейнебақылау камераларын орнатуға облыстық цифландыру басқармасына ұсыныс берілген. Осы ұсыныста Ақбастау елді мекенінің орталық көшесі қамтылған. Ақбастау елді мекеніндегі мәдениет үйін жөндеуден өткізу жұмыстарына ЖСҚ-сы әзірленіп, қаржы қарастырылуда. «Ауыл Ел-бесігі» жобасы аясында Ақбастау елді мекеніндегі 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Есепті кездесуде Ақбастау ауылдық округінің тұрғындар аудан әкіміне бірқатар өтініштер мен ұсыныс-пікірлерін айтты. Айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынып, қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді.
Жиында аудан әкімі көтерілген мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Ақбастау ауылдық округі тұрғындарымен өткен бүгінгі жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *