ОРДАБАСЫ: АУДАН ОРТАЛЫҒЫ ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ЖАЙЛЫ, ҚОЛАЙЛЫ АЙМАҚҚА АЙНАЛУ КЕРЕК

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Қажымұхан ауыл округінің тұрғындарымен есепті кездесу өткізді.
Есеп беру жиынында аудан әкімі аудан: «Тұрғындарының бұқаралық спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында биыл Темірлан ауылынан 250 орындық спорттық сауықтыру кешенінің, Қажымұқан ауылынан Қ.Мұңайтпасұлы атындағы мәдени спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Аталған бірегей нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Темірландағы Самал-2 мөлтек ауданынан «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 900 орындық мектеп құрылысы 2024-2025 жылдардың жоспарына енгізілген», деді аудан әкімі өз баяндамасында.
Ауылдық округте 3 314 гектар суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз ететін 11 канал бар болып, «Қазсушар» меншігіндегі Найман, Құртай, Қазыналық каналдарын 2022-2024 жылдары аралығында күрделі жөндеуден өткізу бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген.

Ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында 3 каналдың (Найман, Қазыналық, Құртай) 6 шақырымын механикалық тазалаудан өткізу жоспарланып отыр.

Ауылға инвестиция тарту бойынша жылдың 7 айында ауылдық округте 1 млрд. 388,0 млн.теңге жеке инвестиция тартылып, жоспардың орындалуы 127,0 пайызды құрады. Қажымұхан ауыл округі бойынша 2023 жылға кірістердің жылдық жоспары 140 млн.792 мың теңгені құраса, 8 айда округ бойынша жоспарланған бюджет кірістері 172 пайызға орындалды. Аталған салықтар ауыл округінің бюджетіне тікелей түсетіндіктен, ауылдың өзекті мәселелерін шешуге бағытталмақ.

Биыл аудан орталығындағы авто жолдарды жөндеу жұмыстары да өз уақытымен жүзеге асырылуда.
Атап айтар болсақ, Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесіне, Көктөбе ауылы, Бәйтерек және Балбұлақ, Райымбекұлы көшесі орташа жөндеуден өтсе, Қызылсеңгір ауылы, Қалмұрзаев көшесіне, Ынталы ауылы, Рахымбаев, Т.Кәлпе көшесін жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады деп жоспарлануда. Ынталы ауылындағы Имамбай, Сәуленбаев көшесіне, Амангелді ауылы Сағыныш, Абырой, Нұрлы жол көшесіне өртша жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Биыл «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында Қажымұқан ауыл округінен 3,7 шақырым 10 кВ электр желілері, Темірлан елді мекеніндегі Абай көшесінде орналасқан КТП-8 А қосалқы стансасынан шығатын 1,16 шақырым 0,4 кВ электр желісі мен трансформатор және Айбергенов көшесінде орналасқан КТП-809 қосалқы стансасынан шығатын 1,85 шақырым 0,4 кВ электр желісі (СИП кабель) жаңартылатын болады.

Темірлан ауылы, Салыбек ата, І.Тілеубергенов, Əйтеке би, Т.Сейітқасымов көшелеріне электр желілері мен бағаналарының құрылысы әзірленіп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Қуантарлығы, ауылдық округтегі Темірлан, Қажымұқан, Боралдай және Қызылсеңгір елді мекендері көгілдір отын пайдалануда.

2 елді мекенді (Амангелді және Ынталы) табиғи газбен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қараша айында көгілдір отынға қосу жоспарлануда. Ал, Көктөбе ауылын табиғи газбен қамту құрылысы сараптамадан өтіп, қаржы қарау үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен нақтылау жұмыстары басталған.

Темірлан елді мекенінде ауыз су мәселесі де оңтайлы шешімін тапқан. ПМК аумағы (Керуен сарай, Абырой, Мұқадас, Омаров, Тұрманжанов, Домалақ ана, Рахымбаев) көшелеріне аудандық «Таза су» мекемесі арқылы ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, тамыз айында пайдалануға берілді.

Аудан әкімі өз баяндамасында аудан тұрғындарының баспанамен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында 70 гектар аумақта «Барс Құрылыс» ЖШС тарапынан 22 тұрғын үйдің (44 пәтер) құрылысы жүргізілетінін жеткізді. Аталған аумақта ауыз су құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда, электр желілерінің құрылысы жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстары толық біткен соң, пәтерлер «Отбасы банк» АҚ арқылы берілетін болады.
Ауыл тұрғындарының жайылым мәселесі бойынша өтініштеріне жауап берген аудан әкімі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Қаулыға сай 206,2 гектар жер аудандық қорға қайтарылып, аудан әкімдігінің 29.08.2023 жылғы қаулысымен ортақ жайылымға бекітіліп берілген.

«Ауылдағы өзекті мәселелерді ең алдымен жергілікті халық жақсы біледі. Барлықтарыңызды, ауылды дамыту жолында ауыл әкімімен бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын», деген аудан басшысы есепті кездесуден соң тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *