ОРДАБАСЫ: ШАРУАЛАРДЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУҒА ЖҰМЫЛДЫРУ ҚАЖЕТ

Қараспан ауылының тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі Азат Оралбаев округ бойынша халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған «Ауыл аманаты» жобасына аз құжат мақұлданғанын, шаруаларды аталған бағдарламаға белсене қатысуға шақырды. Әсіресе өсімдік шаруашылығымен айналысуға ниетті ауылдастарға сұраныстың мол екендігін түсіндірді.

«Өздеріңізге мәлім, Президентіміз ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Соған орай биыл облысымызда «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобасының мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Аталған жобаға ауданымыздан Қараспан ауыл округі қосылған.

Қазіргі таңда, Қараспан ауылында «Зере-Агро» АШӨК ашылып, 96 азамат мүше болып тіркелді.
Бүгінде «Ырыс» МҚҰ құжат өткізгендер саны — 13, құны 84,9 млн. теңге, оның ішінде мақұлданған жобалар саны — 12, құны 76,3 млн. теңге.
Қаржыландырылған жобалар саны — 3, құны 15,6 млн. теңгені құрады. Өздеріңіз көріп отырғандай, несиені негізінен мал шаруашылығы саласына алуда. Одан бөлек, бағдарламаның басқа да бағыттары (шағын, орта кәсіпкерлік) бойынша кәсіп бастауға шақырамын», деді аудан әкімі өз сөзінде.

Қараспандықтармен кездесуде аудан басшысы ауыл округі бойынша 2023 жылға кірістердің жылдық жоспары 64 млн. 99 мың теңге болса, 8 айдың қорытындысымен округ бойынша жоспарланған бюджет кірістері 107 пайызға орындалғанын, жылдың 7 айында ауылға 810 млн.теңге жеке инвестиция тартылғанын мәлімдеді. Ауыл бюджетіне түскен осы қаржылар ауылды дамытуға жұмсалады деді.

Есепті кездесуде шаруалар ағын су мен жайылымдық жер мәселесін назардан тыс қалдырмады. Өз кезегінде аудан әкімі осы салада атқарылған жұмыстар жөнінде көпшілікті хабардар етті.

Қараспан ауыл округіндегі 4852 гектар суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз ететін 22 канал бар. Қараспан магистраль каналын күрделі жөндеуден өткізу үшін 2022-2024 жылдарға қаржы қаралған. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 10 шақырымына бетондау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында «Р-8-А, Р-10, Р-12, Р-14» каналының 11,5 шақырымына механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының игерілмей жатқан жерлерді ортақ меншікке алу тапсырмасы бойынша аталған ауылда жүйелі жұмыстар бар. Ауыл округі бойынша жайылымдық жерлердің жалпы ауданы 18 368 гектарды құраса, оның ішінде 1 884 гектары елді мекендердің ортақ жайылымдық жерлері ретінде 2019-2022 жылдары бекітіліп берілген. 2023 жылы мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша жалпы ауданы 1 529 гектар жайылымдық жерлерді аудандық қорға қайтарып, ортақ жайылымдық жерлерге бекітіп беру жоспарланған.
Қараспан ауыл округі бойынша 14 елді мекеннің 7-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылса, «Таза су» МКК-ы 5 елді мекенге (Көлтоған, Төреарық, Ақжол, Жаңатұрмыс, Ақпан), «Қажымұқан-Қараспан ТСЖ» өндірістік бекеті арқылы Батыр ата және Берген елді мекендеріне ауыз су таратумен айналысады.
2021 жылы 3 нысан немесе 4 елді мекенге (Қараспан, Бейсен, Мақташы және Сарыарық) ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары басталды. Оның ішінде, Қараспан ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету нысаны құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Бейсен-Мақташы ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, сығымдау жұмыстарымен бірге есептеуіш құралдары орнатылуда. Нысанды қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.
Сарыарық ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету нысаны құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, сығымдау жұмыстары жүргізіліп, есептеуіш құралдары орнатылуда. Нысанды қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.
Көлтоған ауылындағы Ақшуақ, М.Маметова және Табиғат көшелеріне «Таза су» мекемесі арқылы ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.
Биыл Берген ауылындағы мектепке баратын жолға, Мақташы ауылындағы Мұратбаев, Жабаев, Әбдібеков, Өмешбаев, Исабеков, Адамбеков көшесіне, Бейсен ауылындағы Алтынсарин, Оңтаев, Қостөбе көшесіне, Қараспан ауылындағы Қонысов, Қ.Бекмұратов көшесіне орташа жөндеу, Қараспан ауылы, Әл-Фараби, Ырыс көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімінің хабарлауынша 2021 жылы 8 елді мекенге (Батыр ата, Берген, Көлтоған, Төреарық, Қараспан, Бейсен, Мақташы және Ақжол) табиғи газ жүйесінің құрылыс жұмыстары басталып, барлығы қазан айынан бастап жыл соңына дейін көгілдір отынға қосылады.
Сондай-ақ, ауылды абаттандыру бойынша Қараспан, Мәдениет, Сарыарық, Төреарық ауылына балалар ойын алаңшасын орнату көзделуде.
Денсаулық сақтау саласында соңғы жылдары ауылда бірқатар нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Көлтоған елді мекенінен фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді және Төреарық елді мекенінен фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ал, білім саласы бойынша Мақташы елді мекенінен 200 орындық мектепке қаржы қаралып, биылғы жылы пайдалануға берілді деп жоспарлануда.
Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы есепті кездесуден соң Қараспан ауылын аралап, ауыл әкіміне ауылдың кіреберіс қасбетін, орталықтағы саябақ, спорт алаңдарын көгалдандыру бойынша бірқатар жобалар ұсынып, тұрғындарды ауыл келбетін бірлесіп ретке келтіруге шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *