ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ЖАҢА ЕМХАНА ТӘУЛІГІНЕ 500 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАЙ АЛАДЫ

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Жолдасов Зұлпыхар Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауыл округіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Соның бірі жаңадан салынған «AVICENNA-A» емханасы. Жобаға 2 млрд. 400 млн теңге инвестиция тартылған. Құрылтайшысы Әділбек Ұсманқұлов.
Емханада науқастарға барлық жағдай жасалынған. Онда ота жасау бөлмелері де бар. Сондай-ақ, заман талабына сай соңғы үлгідегі аппараттар қойылған. Жан сақтау бөлімі бір мезетте 4 адамды қабылдауға қауқарлы. Сонымен қатар, физиотерапия, оңалту, зертхана бөлмелері де қарастырылған. Емхана тәулігіне 500 адамды қабылдауға қауқарлы.
Емхана иесі қосымша құрал жабдықтарды алуға кәсіпкерлікті қолдау ұлттық жобасы аясында жеңілдетілген 7 пайызбен 700 млн. теңге несие алған.

Президент алдағы 2 жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілетінін жариялады. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды.

Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады. Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады. Бұл 4 миллионнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады.

Сонымен қатар ұзақ жыл сөз болған телемедицина бағыты дамытылмақ. Сол арқылы шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің түсіндіруінше, тұтастай алғанда, ұлттық жоба аясында ауылдың денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, алдын ала есептемелер бойынша, жалпы сомасы 217,6 млрд теңге қаражат қажет болады. Бұл сома алда өсуі мүмкін. Соның ішінде:

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерін: медпунктерді, фельдшерлік-акушерлік пункттерді және дәрігерлік амбулаторияларды салу үшін – 126,5 млрд теңге;
32 көп бейінді орталық аудандық ауруханаларды ұйымдастыру үшін – 91,1 млрд теңге талап етілмек.
Сонымен жаңа ұлттық жоба аясында мемлекет 50-ден 500-ге дейін тұрғыны бар ауылдық елді мекендерде медициналық пункттер құрады. Министрлік әр ауылдағы ондай пункттің ішінде не болатынына дейін тәптіштен баяндап берді.

Нақтыласақ, олардың бәрі 1 қабатты ғимарат болады. 500-ге жетпейтін тұрғыны бар ауылда көп қабатты емхана салу босқа шығындалу болар еді. Бір медпунк 25 келушіге дейін қабылдай алады.

Медициналық пункт ішінде не болады:

Дәріхана және ақпараттық үстелі бар вестибюль – ауданы кемінде 10 шаршы метр;
Орта медициналық персоналдың кабинеті – кемінде 12 ш.м.;
Акушерлік қабылдау бөлмесі – кемінде 18 ш.м.;
Емдеу бөлмесі – кемінде 12 ш.м.;
Вакцинация бөлмесі – кемінде 8 ш.м.;
Дезинфекциялау құралдарын дайындауға және сақтауға арналған бөлме – кемінде 4 ш.м.;
Тұрмыстық орын-жайлар, қойма – кемінде 11 ш.м.;
Қол жуғышы бар дәретхана – кемінде 3 ш.м.;
Ал үлкен ауылдарда, кенттерде, яғни 1 500-5 000 адам тұратын ауылдық елді мекендерде дәрігерлік амбулатория қарастырылуы керек. Олар да 1 қабатты ғимарат болады. Өткізу қабілеті – бір ауысымда 25 келушіге дейін қабылдай алуға тиісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *