БӘЙДІБЕК: АУДАН ПРОКУРОРЫ КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бекітілген кестеге сәйкес аудан прокуроры Мәди Байтелиев Көктерек ауылдық округіндегі СЖиренов, Қ.Сыпатаев атындағы мектептерде болып, ұстаздармен және оқушылармен кездесті. Кездесуде Мәди Мұратбекұлы кәмелетке толмағандардың арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіріп, оқушыларға заң алдындағы жауапкершілікті, құқықтық сауаттылықты арттыру қазіргі уақытта өзекті мәселе екеніне тоқталды.

Жиында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, қолданыстағы заң аясында жауап берілді. Сонымен қатар, кездесуде оқушыларға тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетілді.
Іс шараның мақсаты — оқушыларға құқықтық білім беру, құқықтық тәрбие беру арқылы жастардың бойына заңға деген құрметін арттыру, ҚР Конституциясында көрсетілген Заңдарды құрметтейтін, құқықтар мен міндеттерін орындайтын, шыншыл, әділетті де парасатты тұлғаны қалыптастыру; оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Сонымен қатар аудан прокуроры Көктерек ауылдық округінің ардагерлер кеңесі мен билер алқасының мүшелерімен және тұрғындармен кездесті. Кездесуде округтегі елді мекендердегі өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындар тарапынан бірқатар өтініштер мен ұсыныс пікірлер айтылды. Айтылған ұсыныс-пікірлер аудан прокурорының назарына алынды.

Аудан прокурорының Көктерек ауылдық округі тұрғындарымен және білім беру мекемелерінің оқушыларымен кездесуіне аудан әкімінің орынбасары Б.Тұрлыбеков, аудандық мәслихат төрағасы А.Кенехан, аудандық полиция бөлімінің басшысы Н.Әжібеков және білім бөлімінің мамандары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *