ТҮРКІСТАН: Ордабасыда тұрғындарға 132 бос жұмыс орны ұсынылды

Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша ақпараттар берілді. Ордабасы ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бүгін Ордабасы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. «Бұл – жұмыссыз жүрген жастар, қызметінен айырылған азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік», — дейді іс-шара ұйымдастырушылары. Жәрмеңкеге жұмыс іздеген азаматтарға ауданға қарасты 35 жұмыс беруші мекемеден 132 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге қатысқан жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындары және жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша ақпараттар берілді.

Түркістан облысының барлық 17 аудан, қалаларында «Мансап орталықтарын» құру бойынша ұйымдастыру шаралары жүргізілуде. Өз кезегінде, Мансап орталықтары қалалар мен аудандардағы еңбек мобильділігі орталықтарының филиалдары болады. Жаңа орталықтардың негізгі міндеті ұлттық еңбек нарығының көрсеткіштерімен ұштастыра отырып, жергілікті ерекшеліктерді ескеріп, өңірлік жұмыспен қамту саясатын іске асыру.

Қазіргі таңда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ерікті түрде қоныс аудару, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша іс макеттерін қалыптастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің барлық спектрі сақталады және оларды көрсету сол мекенжайлар бойынша орналасатын мансап орталықтарда жалғаса береді.
Бұл трансформация жұмыспен қамту қызметін жүйелі түрде қайта құруға, жұмысты жақсартуға және мемлекет көрсететін еңбек делдалдығы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту мақсаттарының бірі жұмыспен қамту саласындағы барлық қызметтер мен қолдау шараларын толық цифрландыру болып табылады.

Цифрлық жұмыспен қамту орталықтары – бұл жұмыспен қамту органдары мен олардың клиенттері, яғни ізденушілер мен жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынастарды және бизнес-процестерін түбегейлі өзгертіп, оларды онлайн-форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.

Онлайн қызметтерді іске қосу халықтың жұмыспен қамту органдары қызметкерлерімен тікелей байланысын азайтуға және азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда жұмыспен қамту саласында қызмет алуға өтініш білдірген азаматтардың шамамен 77%-ы Электрондық еңбек биржасы арқылы онлайн-форматты пайдаланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *