БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ АЛҒАБАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бүгін Таңатар ауылында Алғабас ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.
Биылғы жылы Алғабас ауылдық округі тұрғындарымен өткен екі кездесуде округке қарасты 3 елді мекеннің тұрғындары аудан әкіміне бірқатар мәселелерді жеткізген болатын.

Аталған мәселелер бойынша Тұрмыс-1 мектебінің жылу жүйесі қалпына келтіріліп, жұмыстар толық орындалды. Қазата елді мекенінен арнайы белгіленген орынға талапқа сай беккери шұңқыры қазылып пайдалануға берілді. Шақпақ елді мекеніне интернет (вайфай) желісімен (16 үйге) қамту мәселесі бойынша сұраныс хат жолданып, осы айдың соңына дейін радиомост жабдығы арқылы вайфай желісін қосу, Таңатар елді мекенінің мобильді интернет желісін жақсарту (қуаттылығын көтеру) жұмыстары бойынша «Кселл» АҚ жыл соңына дейін аяқтап іске қосуды жоспарлауда. Қазата елді мекеніндегі Бозарық каналына тоспа (шлюз) орнату бойынша қазіргі таңда меншік иесі жоқ. Сондықтан әуелі құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Меншікке алынғаннан кейін қаржы қарастырылып тоспа (шлюз) орнату жұмыстары жүретін болады. Қазата елді мекеніндегі мектеп меншігіндегі бау-бақшаны ретке келтіру мәселесі бойынша аудандық білім бөлімі тиісті жұмыстар жүргізуде екендігін баяндады, — аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков. Алғабастық тұрғындармен кездесуде аудан басшысы ағымдағы жылдың 8 айдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды да таныстырып өтті.

Кездесу жиында тұрғындар Таңатар елді мекеніндегі мектепке күрделі жөндеу, қосымша жай салу, Қауымбаев көшесіндегі ескі бағаналарды ауыстыру, ойын алаңшасы және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді. Ержігіт Шәріпбеков жиында көтерілген мәселелер бойынша жоспарға сәйкес кезең кезеңімен шешімін табатынын жеткізіп, бірқатар сұрақтарға жауап берді. Назарға алып, сала бойынша орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырма жүктеді.

Алғабас ауылдық округі тұрғындарымен өткен бүгінгі жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, барлық бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *