СОЗАҚ: АУДАН БАСШЫСЫ ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ЕЛ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жартытөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, ел алдында есеп берді. Жиын барысында аудан көлімінде атқарылар ауқымды жобаларға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
-Аудан көлемінде қолға алынған ауқымды жобаларымыз бастау алып, тиісті жұмыстар жалғасуда. Аудандағы атқарылу керек шаралар маған етене таныс. Алға қойған нақты жоспарымыз бар. Биылғы жылы көп жылдан елеусіз қалған шағын елді мекендерге баса көңіл бөлудеміз. Орталық көшелері жарықшамдармен қамтылып, асфальт жабындысы төселуде. Бұдан бөлек, тау бөктеріндегі ауыз су бармаған бірқатар елді мекендерге ауыз су тарту мәселесі қолға алынды. Бүгінде мердігер мекеме анықталды. Жақын күнде құрылыс жұмыстары басталады. Осы секілді Жартытөбе ауылдық округінде де сіздердің сұраныстарыңызға орай көптеген жұмыстар жасалуда. Жартытөбе ауылында 2 шақырымды құрайтын 2 көшесіне асфальт жабындысы төселді.

Бұл бағыттағы жұмыстар Аққолтық елді мекенінде жалғасуда. Орталық 5 көшесінде жүріп жатқан асфальт төсеу жұмыстары жақын күндері аяқталып, ауылдық округ 100 пайыз асфальтпен толықтай қамтылатын болады. Сондай-ақ осы жылы Бабата елді мекенінде Б.Есжанов көшесі мен Жартытөбе ауылының Иманқұлұлы көшесіне аяқ жолмен қоса көше жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, халық игілігі үшін іске қосылды. Бабата елді мекенінде «Беккери» шұңқырының құрылысы аяқталды. Жартытөбе елді мекенінің кіші футбол алаңының газоны ауыстырылып, қоршауы 1,5 метр биіктікке көтерілді. Біз мұнымен шектелмейміз. Бұл жұмыстар алдағы жылы басқа да округтерде жалғасатын болады,-деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Есептік жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев және бөлім, мекеме басшылары мен бірқатар сала мамандары қатысты.

Жиында тұрғындар көкейде жүрген сауалдарын жолдап, алдағы уақытқа бірқатар ұсыныс-пікірлерін жолдады. Көтерілген сауалдардың маңыздылығы ескеріліп, қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындарды жеке мәселелері бойынша да қабылдады. Жауапты мамандармен айтылған мәселенің шешу жолдарын жан жақты саралап, тиісті тапсырмалар жүктеді.

Жиын соңында тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ауыл қариялары ақ батасын арнады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *