САЙРАМ: А.СӘБИТОВ: БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫ КӨМІРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ ТИІС

Аудан әкімі Арман Сәбитовтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Отырыстың күн тәртібінде 5 өзекті мәселе қаралды. Бірінші білім бөлімінің басшысы Гулнар Тынымбаева білім беру нысандарының жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады. Ауданда 74 мемлекеттік және 22 жекеменшік мектеп бар. Табиғи газбен 47 оқу орны жылытылуда. Ал 39 білім беру мекемесі қатты отынды, яғни көмірді пайдаланады. Сондай-ақ, сұйық отынмен 3 мектеп қолдануда. Осы тұрғыда аудан әкімі Арман Сәбитов мектептердің қысқы маусымға сақадай сай болуын тапсырды. Аптаның соңына дейін білім беру нысандары толығымен 100 пайыз көмірмен қамтамасыз етілуі тиіс екендігін мәлімдеді.

Айта кететiн тағы бiр мәселе аудан әкімі жылыжайлардың көгілдір отынмен қамтамасыз етілуі маңызды екендігін атап өтті. Бұл өз кезегінде ауылшаруашылық өнімдерінің көлеміне теріс әсер етеді. Бұл тұрғыда тиісті жұмыстар уақтылы орындалмағаны айтылды.

Күн тәртібінде қаралған келесі мәселе аудан аумағындағы күзгі көшет егу жұмысы болды. Аудан бойынша 2023-2025 жылдарға арналған елді мекендерді көгалдандыру бойынша 26 290 көшет отырғызу жоспарлануда.Сонымен қатар, қурап, құлап кететін ағаштарды кесу және жою қажеттілігі атап өтілді. Аудан әкімі Арман Сәбитовтың айтуынша, олар кез келген уақытта бұзылып, тіпті тұрғындардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ, жиналыста аудан аумағындағы жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмыстардың барысы талқыланды. Аудандағы жалпы жер қоры 114 761 га құрайды, ал жайылым алаңы-24,5 мың га. Бүгінде 9 айда – 2100,5 га мемлекет меншігіне қайтарылды, ал қайтару бағытында-473,6 га жер бар.

Жиында экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Алтекеева ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндады. Қазір өнеркәсіп өнімінің көлемі 29,4 млрд.теңгені құрап, былтырғы жылдың 8 айымен салыстырғанда 17%-ға төмендеген, нақты көлем индексі 102,1% жеткен. Ауыл шаруашылығы өнім көлемінің жоспары 68,3 млрд.теңгеге жоспарланып, нақты 72,3 млрд.теңгеге жетіп, меже орындалды.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Арман Сәбитов көрсеткіш индикаторларының орындалу барысын өзі жіті бақылайтындығын мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *