САУРАМ: АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АПТАЛЫҚ ШОЛУ

Аудан әкімі Арман Сәбитов Қарабұлақ ауыл округіне арнайы іс-сапармен барды. Сапар барысында бірінші болып М.Әуезов көшесінің бойында орналасқан малдың қаны мен сүйегін «қан төгетін» шұңқырдың құрылыс жұмыстарын тексерді. Айта кетейік, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Қарабұлақта орналасқан мал бордақылау алаңдары мен мал сою бекеттерінің жұмыстары жаппай тексерілген болатын. Осы орайда, аудан әкімі Арман Сәбитов 6,32 гектар аумақта орналасқан жоғарыда аталған «қан төгу» бекетінің жұмыстарын назарда ұстайтынын жеткізді.
15.09 аудан әкімі Арман Сәбитов Қарабұлақ ауыл округіндегі заңсыз салынған нысандарды аралады. Сапар барысында ауыл орталығында 27 нысан заң талаптарын бұзып салынғаны анықталды. Ертелі-кеш талапқа сай келмеген нысандар бұзылады. Мәселен, аталған ғимараттар ешқандай жобалау құжатынсыз, сәулеттік жоспарсыз және техникалық сараптамасыз салынған және «қызыл сызықта» орналасқан.

15.09 Жуырда аудан әкімі Арман Сәбитов аймақтағы қауіпті участкелерді арнайы аралаған болатын. Бұл орайда ауданда су тасқынына қарсы нақты іс-шаралар жүзеге асуда. Құтарыс ауылдық округіндегі Қызыл арық каналын үш жерінен Арыс өзені шайып кету қауіпі төнген болатын. Қазір қауіпті участкеде Арыс өзеннің арнасын қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстар жасалды.

14.09 аудан әкімі Арман Сәбитов Көлкент ауылдық округін аралады. Бұл ретте аудан басшысы Ақсуабад ауылындағы 32 га жаңақұрылыс аумағының инфрақұрылым желілерінің жұмыс барысымен танысты. Аталған аумақта 2022 жылы 181 млн. теңгеге ауыз су тартылған болатын. Алайда электр жарығы тартылмағандықтан су құбырларын іске қосу мүмкін болмай келген. Енді электр жарығы тартылған соң аудан әкімі бір аптаның көлемінде сала мамандарына ауыл тұрғындарын ауыз сумен толықтай қамтуды тапсырды. Мұнан соң, А.Сәбитов Ақсуабад ауылындағы газ құбырларының құрылыс жұмыстарын тексерді.

14.09 Аудан әкімі Арман Сәбитов ҚМДБ наиб муфтиі Сансызбай Құрбанұлын, Түркістан облысының өкіл имамы Ержан Төлепов пен Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлын қабылдады. Кездесуде ауданның діни ахуалының тұрақтыталығы сөз болды.

13.09 Аудан орталығында орналасқан «Ардақты ана» музейінде аудан әкімі Арман Сәбитов «Жастар-мемлекетіміздің мәртебесі»тақырыбында аудандағы түрлі салада еңбек етіп жүрген жастармен кездесті. Жиында Жастар ресурстық орталығы КММ-нің директоры Әділхан Төлегенов ауданда атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде есеп берді. Оның айтуынша ауданда 234 506 халық болса, оның ішінде (14—35 жас аралығы) 75 508 жастарды құрайды.
13.09 Аудан әкімі Арман Сәбитов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың дені жол, электр жарығы, субсидия сынды проблемаларды көтерді. Қабылдау барысында 5 азаматтың өтініш-тілектері тыңдалып, заңдылығы түсіндірілді. Инфрақұрылым жүйесіне қатысты шағымдар бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапрсырмалао берілді. Аудан әкімі тұрғындарға барлық мәселе тек заң аясында атқарылатынын да жеткізді.

12.09 Елдің ертеңі – жастар. Бұл орайда Президенттік жастар кадрлық резерві турасында аудан әкімдігінде жастардың қатысуымен мәжіліс болып өтті. жиынға аудан әкімі Арман Сәбитов және әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Амангелді Қалыбек қатысты. Іс-шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Арман Сәбитов Президент әкімшілігіндегі жұмысы кезінде 2019-2020 жылдары резервке енген 300 жас мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапты қызметтерге тағайындалғанын атап өтті. Оның сөзінше іріктеуден өткен жастар квазимемлекеттік секторда да басшылық лауазымдарға дейін көтерілгендігін айтты. Ауданның потенциалы өте жоғары, біздің ауданда 233 мыңнан астам халық тұрады. Оның 32 пайызы жастар.Сондықтан біздің жастар осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану қажеттігін білдірді.

12.09 әкімі Арман Сәбитов кезекті лездемелік мәжіліс өткізді. Күн тәртібінде аудан бюджетінің игерілуі және тексеру комиссиясының жүргізген аудиторлық іс- шарасы қаралды. Ауданда биылғы 8 айда жергілікті бюджетке 6 153,0 млн.теңге сомасына кіріс түсіп, жоспар 109,1%-ға орындалған. Өткен жылмен салыстырғанда түсім 2 226,0 млн.теңгеге артқан, ал өсу қарқыны 56,7%-ды құрауда. Бұл туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева баяндады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *