ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАНДАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Жұмысқа алғаш рет орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында іске асырылатын 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылатын «Алғашқы жұмыс орны» аясында Шардара ауданында жұмысқа орналасқандардың саны артып келеді.
Жұмыс іздеп жүрген түлектер мен 29 жастан аспаған жұмыссыздарға, оның шінде жұмыс тәжірибесі жоқ жастарға, көпбалалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне арналған «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына қатысушылардың бірі шардаралық Арайлым Жарылқасынован.

4 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі мамандығымен тұрақты жұмыс таба алмағандықтан қосымша шаштараздықты оқып алған. Биылдан бастап шаштаразда жұмыс істеп жатыр. Айлығы мен күндік табысы жолдасының жұмысын жеңілдетіп, отбасы қажетіне жұмсалып отыр.

Жас мамандар жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіргеннен кейін немесе оқуға түсе алмай қалған жағдайда бірден жұмыс таба алмай жүріп қалатыны белгілі. Өйткені жұмыс берушілер әдетте тәжірибесі бар кадрларға басымдық береді. Осы орайда, жүзеге асырылып жатқан «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімі 2022 жылдан бастап 18 айға дейін ұзартылып, жалақы мөлшері 30 АЕК дейін артқан.
Шардара ауданы бойынша жыл соңына дейін аталмыш бағдарламаға 45 жасты қатыстыру жоспарланса, бұл көрсеткіш 8 айда 51 азаматқа жеткен.

Сала мамандарының айтуынша, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыру барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелерде ұйымдастырылады. Бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ 1 жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *