ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ БОКСТАН АУДАН ӘКІМНІҢ ЖҮЛДЕСІ САРАПҚА САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түркістан облысы, Келес ауданындағы Қамбарата спорт кешенінде Келес ауданы әкімінің жүлдесіне орайластырылған бокстан кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир басталды. Ашық біріншілік пен қатар Қамбарата спорт кешенінің тұсауы кесілді.

Салтанатты шараға Келес ауданы әкімнің орынбасары Даурен Сариев және аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев арнайы қатысып, зәулім спорт кешенінің ашылуымен жергілікті спорт сүйер қауымды құттықтап, Республикалық сайысты ашып берді.

– Келес өлкесінен шыққан саңлақтар еліміздің намысын әлемдік ареналарда қорғап, жоғары белестерден көріне білді. Солардың қатарында Нұржан Сманов, Санжар Ташкенбай сынды азаматтарымызды айта аламыз. Бүгінгі ашылып отырған спорт кешенінде талай келестік бүлдіршіндер спорттың қыр-сырын меңгеріп, ел мерейін үстем етеріне сенімім мол. Сонымен бірге бүгінгі шымылдығын түрген республикалық біріншіліктің қатысушыларына сәттілік серік болып, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспін, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, Келес спорт клубының ұйымдастыруымен жалауын көтерген турнир биылғы жылдың 17-21 қыркүйек күндері аралығында өткізу жоспарланған. Турнир барысында 2010-2011, 2012-2013 жылы туылған Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарымен қатар Шымкент қаласынан және Түркістан облысының аудан, қалаларынан келген жасөспірімдер түрлі салмақ дәрежесінде чемпиондықты сарапқа салады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт саулығының кепілі – бұқаралық спортты дамытуға жиі көңіл бөліп келеді. Президент көтерген бастамалардың барлығы да халықтың денсаулығын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Бұқаралық спортты дамыту бойынша біздің облысымызда да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осы ретте, өңірдегі көптеген жетістіктеріміз туралы айтып кетуді жөн көрдім. Мұнайлы астанамызда спорт саласындағы материалдық-техникалық базаны нығайту, спортшыларды дайындау, сапасын арттыру және бұқаралық спортты дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Соңғы статистикалық мәліметке сүйенсек, облыс тұрғындарының 277 мыңнан астамы дене тәрбиесімен, спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға өсті. Спорттық клубтарда жаттығушылар саны 4276-ны құрап, биыл 633-ке көбейді.

Жыл басынан бері бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс көлемінде 800-ден аса спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 150 000-нан астам облыс тұрғыны қатысқан. Оның ішінде 560 іс-шара ауылдық жерде ұйымдастырылып, 110 000-нан астам ауылдық жер тұрғындары қамтылды. Бұл көрсеткіштер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Соңғы жылдардағы бұл көрсеткіштерді ерекше айтуымның себебі, былтыр облыс жұртшылығымен кездесуінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысындағы спорттың дамуы туралы ерекше айтқан еді. Балалар мен жастардың денсаулығын жақсарту үшін дамыған және қолжетімді спорт инфрақұрылымының болуы маңызды екенін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *