САЙРАМ: ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ – БІЛІМДІ, ДАРЫНДЫ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

Елдің ертеңі – жастар. Бұл орайда Президенттік жастар кадрлық резерві турасында аудан әкімдігінде жастардың қатысуымен мәжіліс болып өтті.

Жиналысқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Өркен Балажанов төрағалық етіп, кадр резервін анықтаудың маңызына тоқталып, мақсаты мен міндетін атап көрсетті. Сондай-ақ жиынға аудан әкімі Арман Сәбитов және әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Амангелді Қалыбек қатысты.
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиын сұрақ-жауап форматында өтті. Жиынға қатысқан ауданның белсенді жастары резервке өтінімдерді қалай қабылдау керектігі және олар қандай мүмкіндіктер беретіні туралы сұрақтарға жауап алды.

Іс-шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Арман Сәбитов Президент әкімшілігіндегі жұмысы кезінде 2019-2020 жылдары резервке енген 300 жас мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапты қызметтерге тағайындалғанын атап өтті. Оның сөзінше іріктеуден өткен жастар квазимемлекеттік секторда да басшылық лауазымдарға дейін көтерілгендігін айтты. Ауданның потенциалы өте жоғары, біздің ауданда 233 мыңнан астам халық тұрады. Оның 32 пайызы жастар.Сондықтан біздің жастар осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану қажеттігін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Президенттік жастар кадр резервіне тіркелу биылғы қыркүйек айында басталды. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.

1 қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеу басталды. Президенттік жастар кадр резерві – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасы. Бұл бастама дарынды, бастамашыл, еліміздің дамуына бей-жай қарамайтын жастарды мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған. Ел мүддесіне адал қызмет етемін деген жастарды Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға шақыру қажет. Мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, Отанға қызмет етуді өзіне парыз санайтын жастар керек. Жастарымыздың бойындағы тасқындаған күш-жігер мен білімді ел мүддесіне қызмет етуге бағыттау, кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа легін қалыптастыру – басты міндеттерінің бірі. Осы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұл мүмкіндік туралы қала, аудан жастарының назарына жеткізген жөн. Жастарға барынша қолдау көрсетіледі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *