САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Аудан әкімі Арман Сәбитов Қарасу ауыл округін аралап, елге ортақ бірнеше мәселелерге қанықты. Солардың бірі — аудан көлеміндегі Жаңақұрылыс аумағындағы инфрақұрылым желілерін тарту мәселесі.

Ең алдымен аудан басшысы Әйтеки би ауылындағы 14 гектар Жаңақұрылыс аумағының өзекті мәселелерін көрді. Бүгінде елді мекен тұрғындарын толғандырған проблема – электр жарығы. Бұл ретте аудан әкімі Арман Сәбитов ТҮКШ бөліміне кешіктірмей жыл соңына дейін бағаналарды орнатып, жаңа электр жүйесін салуды тапсырды. Бұл өз кезегінде элект жарығы мәселесі шешілетіндігін аңғартады.

Аралау барысында аудан басшысы Ақбай ауылы, М.Жәлел көшесінде болды. Бұл көшеге тұрғындар тарапынан асфальт жол салу мәселесі айтылған болатын. Аудан басшысы сала мамандарымен аралап зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Мұнан соң, А. Байтұрсынов көшесіндегі орташа құрылыс жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, жобада жаңадан асфальт жол салу, тротуар, электр бағаналарын жүргізу қаралған. А.Сәбитов бір ай көлемінде жұмыстарды ояқтауды тапсырды. Сметалық құны 103 млн. теңге. Аталған құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Алем Транс Жол» ЖШС жүргізуде.

Жауапты қызметтердің басшыларына әкім Арман Сәбитов барлық құрылыс жұмыстарының дұрыс болуын күн сайын қадағалап отыруы керектігін талап етті.
Ал облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров төрағалығымен жер қойнауын пайдалану бағытында көшпелі мәжіліс болып өтті. Аталған жиынға аудан әкімі Арман Сәбитов және облыстық уәкілетті органдардың басшылары қатысты. Күн тәртібінде «жер қойнауын пайдаланудың заңдылығы» мәселелері талқыланды.

Жалпы аудан аумағында жер қойнауын қазу және одан шыққан құм-тасты ауыр жүк көліктерімен тасымалдау кезінде жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырып, жолдарды бөгеу фактілері жиі орын алуда. Осы ретте, облыс әкімі Д.Сатыбалдының «Жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс жүргізу» тапсырмасына сәйкес ауданда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топмүшелерімен жыл басынан 37 рет рейдттік іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, мөлшерден тыс жүк артқан (тас, құм, шағал) ауыр жүк көліктеріне жалпы саны 167 хаттама түзу арқылы 2 557,6 мың теңге айыппұл салынса, 2 эксковатор және 6 ауыр жүк көлігі айыптұраққа қойылған.

Айта кетейік, жиынға қатысқан аудан әкімі Арман Сәбитов мобилдік топтардың жұмыстарын жандандырып, құрамына мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерін жұмылдырып жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттімелерінің (тауырлы көлікті құжаттамасының болуы, шот-фактураны электронды нұсқамасы) орындалуына мониторингті күйшейтуді тапсырды.

Бұдан бөлек, заңды тұлғаларға тиісті актілер толтырылып, құзырлы органдарға заң талаптарына сәйкес шара қолдану үшін жолданған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *